Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Айсұлу Тыныбекова Азия чемпионаттарында ең көп жүлде алған спортшы атанды

24.03.2025, 09:05

Ол наурыз айында өтетін құрлық біріншілігіне қатыспайды

Sputnik / Абзал Калиев

Қырғыздың балуан қызы Айсұлу Тыныбекова күрес тарихында Азия чемпионаттарындағы ең көп жүлдеге ие болған әйел спортшы ретінде тарихқа енді. Оның еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль бар.

Қырғыз балуаны – халықаралық аренада ең тұрақты және мықты спортшылардың бірі. Ол қырғыз әйелдер күрес мектебінің жоғары деңгейін дәлелдеп, ел спортында ерекше орынға ие болған.

Тыныбекова 25-30 наурыз күндері Иорданияда өтетін Азия чемпионатына қатыспайды. Ол Париж Олимпиадасынан кейін қайта бозкілемге шықпады.

Спортшы Токио және Париж олимпиадаларында күміс және қола медаль иеленген болатын. Сонымен қатар, ол әлем біріншіліктерінің үш дүркін чемпионы атанған. 1993 жылы туған балуан 2012 жылдан бері Олимпиада ойындарына 4 рет қатысты. Лондон ол іріктеу кезеңдерінде сүрінсе, Рио Олимпиадасында бесінші орынға тұрақтады.

Париж Олимпиадасынан кейін балуан өз елінде күрес федерациясының лауазымды қызметке бекітілді. Сондай-ақ, Тыныбекова тұрмысқа шығып, көпшілік назарын өзіне аударды.

Жарнама
Жарнама