Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті

Редактор
24.03.2025, 22:49

Ол енді тек қазақстандық балуандарға ден қояды

Bestnews.kz

Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы (UWW Azia) президенттігінен кетті. Бұл туралы спорт журналисі Назерке Сұлтанбек өзінің Telegram-каналында жазды.

«2017 жылы Нью-Делидегі Азия чемпионатында Дәулет аға президент болып сайланғанда өзім сол жерде болып, барлық қазақ қуанып, құттықтағанымыз есімде. Тіпті, аз уақыт Азия күрес федерациясында жұмыс істегенім де бар. Осы жеңіс біз үшін отандық күрестегі бір өзгеріске, серпіліске үміт сыйлағандай болған еді. Одан бері Дәулет Тұрлыханов екі мерзім (8 жыл) осы қызметті атқарды. Бүгін Аммандағы (Иордания) Азия чемпионаты басталарда Бас ассамблея өтіп, жаңа президент сайланды.

Иорданиялық Мұхаммед Әл-Ауамала 38 елден рекордтық 34 дауысқа ие болып, 2028 жылға дейін осы орынға жайғасты. Әл-Ауамала туралы көп дерек жоқ, тек Иордания күрес федерациясының президенті екені белгілі. Десек те, күресі, жалпы спорты қатты дамымаған ел ретінде Иордания, жалпы Араб елдері үшін бұл үлкен жеңіс екені анық», - дейді Назерке Сұлтанбек.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов – Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Мәжіліс депутаты.

Жарнама
Жарнама