Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан алтынсыз қалған Азия чемпионатында өзбектер жоғары нәтижеге қол жеткізді

Редактор
27.03.2025, 11:51

Командаға былтыр жаңа бас бапкер келген болатын

UWW

Грек-рим күресінен Өзбекстан құрамасына өткен жылдың қазан айында бас бапкер болып тағайындалған Рустам Ассакаловтың шәкірттері Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті. Париж Олимпиадасынан кейін спорттық мансабын аяқтаған спортшы бапкер ретінде де құрлық біріншілігінде жоғары нәтижеге қол жеткізді. 

Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатында Өзбекстанның грек-рим құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте Ираннан кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Грек-рим күресінен Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рустам Ассакалов осыған дейін халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап келген тәжірибелі спортшы ретінде танымал. Жаңа міндетті қолға алған Ассакаловқа өзбек балуандарын 2026 жылы Аичи-Нагояда өтетін Азия ойындарына және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиадаға дайындау жүктелген.

Айта кететін жайт, Рустам Ассакалов үш Олимпиададаға қатысты. Ол спорттық жолында 2012 жылдан бастап Өзбекстан атынан күрескен. Легионер балуан әлем чемпионаттарында 1 күміс, 1 қола жүлде иеленсе, Азия Ойындарынан 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, құрлық чемпионаттарында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған.

Жарнама
Жарнама