Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Михаэль Шумахердің денсаулығына байланысты жаңа мәлімет пайда болды

Редактор
27.03.2025, 15:40

Оның денсаулығына қатысты кез келген ақпарат әйелінің сұрауымен құпия сақталып келеді

Getty Images

2013 жылы ауыр жарақатына байланысты арбаға таңылып қалған автошабандоз Михаэль Шумахердің жағдайына қатысты тың жаңалық пайда болды. 

RTL журналисі Феликс Горнердің айтуынша, 56 жасқа толған экс-спортшының жағдайы күрт нашарлап кеткен. Ол осы күнге дейін Шумахерлер отбасына ең жақын адамдардың бірі болған еді.

«Жағдайы өте нашар, үнемі айналасындағылардың көмегіне мұқтаж. Бұрын өзіне қажетін ишарамен білдіріп келген болса, қазір оны да істей алмай қалды», – деді журналист.

«Формула-1-дің» жеті дүркін чемпионы 2013 жылы жарақат алғалы бері дәрігерлердің бақылауында. Оның денсаулығына қатысты кез келген мәлімет әйелінің өтініші бойынша құпия күйінде сақталып отыр. 

Естеріңізде болса, Шумахер Францияның Альпі тауларында шаңғымен сырғанап жүріп, тасқа баспен соғылған. Ол тікұшақпен бірден ауруханаға жеткізілген.

Михаэль 2000 жылдары «Формула-1-де» жасындай жарқырады. Бұған дейін ол 1994 және 1995 жылдары «Беннеттон» сапында чемпион атанған. Сонан соң неміс спортшысы Ferrari-ге ауысты. Сөйтіп ол қатарынан бес рет чемпионатта үздік шықты.

Жарнама
Жарнама