Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Самұрық-Қазынаның» басшысы да бір федерацияға президент болып алды

Редактор
28.03.2025, 15:25

Нұрлан Жақыпов Су спорты түрлері федерациясын басқарады

sk.kz

Қазақстан Су спорты түрлері федерациясының кезекті отырысы өтіп, спорттық ұйымның президенті Андрей Крюков өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеді. Ол бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарып келген.

Оның орнына «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың кандидатурасы ұсынылып, жиынға қатысушылар оны бірауыздан қолдады. Федерацияның вице-президенті болып Мират Өтепов сайланды.

Андрей Крюков әріптестеріне бірге атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жаңа басшылық Қазақстандағы су спортын дамыту бағытын жалғастыратынына сенім білдірді. Өз кезегінде, Нұрлан Жақыпов халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдірудің және тұрақты спорттық резерв қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан Су спорты түрлері федерациясы 1998 жылы құрылған. Федерация жүзу, су добы, әртістік жүзу, суға секіру және ашық суда жүзу спорт түрлерін қамтиды.

Жарнама
Жарнама

Материалда: