Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дзюдодан Олимпиаданың тұңғыш үш дүркін чемпионы аяғын ота арқылы түзетті

Редактор
28.03.2025, 19:47

Тадахиро Номура Олимпиада ойындарында 1996, 2000, 2004 жылдары топ жарды

instagram.com/nomura60kg

Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы атанған жапониялық Тадахиро Номура тізесіне ота жасатты. Күрделі ота Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жасалған.

Балуанның сөзінше, ол қос сирағының арасын жақындату үшін осындай амалға баруына тура келген.

«Наурыздың 21-і, жұма күні, сол аяғыма ота жасалды. Жоғарғы асықты жілік остеотомиясы және менисктің жартылай алып тасталу операциясы жүргізілді. Бұл – «O» пішінді аяқтың түзетілуі үшін сирақ сүйегінің бұрышын өзгерту арқылы жасалатын ота. Операция сәтті өтті, жағдайым жақсы, реабилитация да ойдағыдай өтіп жатыр. Дзюдомен қайта айналысуға шамамен 9 ай уақыт қажет екен. Спортпен айналысу үшін біраз уақыт жаттығуды тоқтатуға тура келеді. Бұл, әрине, өкінішті. Бірақ бұдан да жылдам әрі мықты болып оралу үшін қазір реабилитацияға көңіл бөлудемін. Бұл – менің бесінші ірі отам, тәжірибем бар, уайымдамаңыздар», - деді даңқты спортшы.

Тадахиро Номура Олимпиада ойындарында 1996, 2000, 2004 жылдары топ жарды. Белгілі спортшы 60 келіде ұзақ жылдар бойы өнер көрсеткен. Ол 1997 жылы әлем чемпионы атанса, 2003 жылы Осакада өткен әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болды.

Спортшы Жапония құрамасындағы жоғары бәсекенің нәтижесінде 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының қарсаңында үлкен спортпен қош айтысты. Ол дзюдо тарихында Олимпиаданы үш рет ұтқан алғашқы балуан. Оның рекордын жиырма жылдан кейін франциялық Тедди Ринер қайталады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: