Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ризабек Айтмұханның басты қарсыласы Ахмед Тажудинов Азия чемпионатына қатыспайтын болды

29.03.2025, 12:45

Ол Париж Олимпиадасынан бері әлі бірде бір жарысқа қатыспаған

UWW

Париж-2024 Олимпиадасының жеңімпазы, әлем және Азия чемпионы, Бахрейн атынан өнер көрсететін дағыстандық Ахмед Тажудинов Азия чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді. Ол Амманға барғанымен, иығындағы жарақатына байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.

«Мен өзімді жақсы сезіндім және Азия чемпионатында өнер көрсеткім келді. Бірақ бүгінгі жаттығуда бапкерім иығым 100% дайын емес, тәуекелге бармаймыз деп шешті. Өкінішке қарай, мен турнирге қатыспаймын. Азия чемпионатының барлық қатысушыларына және Бахрейн құрамасындағы әріптестеріме сәттілік тілеймін», - деді Ахмед Тажудинов.

Париж Олимпиадасында Ахмед Тажудинов алғашқы белдесуде иығынан жарақат алған болатын. Соған қарамастан жарыстың алтынына қол жеткізді. Олимпиададан кейін ол Швейцарияда ота жасатқан. Содан бері әлі жарысқа қатыспады.

Аммандағы Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан мен Тажудинов бір топқа түскен. Екеуі жартылай финалда кездесу мүмкін еді.

Жарнама
Жарнама