Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ахмед Тажудинов өзінің басты қарсыласына жанкүйер екенін айтты

Редактор
01.04.2025, 16:50

Қос балуан екі жыл бұрын әлем чемпионатында кездескен

UWW

Еркін күрестен 97 келіде Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов өзінің басты қарсыласы Абдулрашид Садулаевқа жанкүйер екенін атады.

Садулаевпен бір бапкердің қол астында жаттыққан Тажудинов өз салмағындағы үздік спортшының қазіргі жайына баға берді. Қос балуан екі жыл бұрын әлем чемпионатында қарсылас атанып, ірі есеппен Тажудинов жеңіске жеткен еді.

“Әрине мен Абдулрашид Садулаевқа жанкүйер боламын. Ол менің ағам. Менің ойымша, Садулаев Еуропа чемпионатында топ жарады. Ол соңғы уақыттары үздіксіз жаттығып, бпбына келді”, - деді Тажудинов.

25-30 наурыз күндері Амманда өткен Азия чемпионатына барып, алайда жарақатына қатысты жарыс жолына шықпаған Тажудинов жүлдесіз қайтты. Ол сол сында қазақстандық Ризабек Аймұқанмен жартылай финалда кездесуі мүмкін болған еді.

Тажудинов 2023 жылы әлем, Азия чемпионатын және Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Ал 2024 жылы Азия біріншілігінде топ жарып, Париждегі ойындарда үздік шықты.

Жарнама
Жарнама