Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Азия чемпионатында жүлделі болған қырғыз балуандары ақшалай сыйақы алды

Редактор
03.04.2025, 19:51

Қырғыз командасы құрлық біріншілігінде 2 алтын, 2 күміс және 2 қола жеңіп алды

KYRGYZSTAN WRESTLING FEDERATION

Иорданияда күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында жүлде алған қырғыз балуандарына елдің федерациясы қаржылай сыйақы табыстады.

Қырғызстан күрес федерациясының президенті Еркін Тентишев Азия балуандардың жетістігіне баға бере келе, чемпион атанғандарға – 200 мың сом, күміс жүлдегерге – 150 мың, қола медаль иелесіне – 100 мың сомнан берді.

Федерация басшысы Тентишев Қырғызстанның спорт арқылы әлемге танылып жатқанына қуанышты екенін атай келе, спортшыларға алдағы уақытта да сәттілік тілеп, әрдайым қолдауға дайын екенін жеткізген.

«Спортқа президент үлкен көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысы спортта тәртіп болуы керектігін атап өтті, сондықтан біз де өз тарапымыздан бар күшімізді салуымыз қажет», – деді ол марапаттау барысында.

25-30 наурыз күндері Иорданияның Амман қаласында өткен біріншілікте қырғыз балуандары 6 жүлде иеленді. Оның ішінде 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Оның ішінде әйелдер күресінен Айпері Медетқызы Азияның үш дүркін чемпион атанған болатын.

Жарнама
Жарнама