Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жапонияның ең даңқты балуандарының бірі небәрі 26 жасында мансабын аяқтады

04.04.2025, 22:37

Ол Қазақстанға екі рет келіп, жарыстарға қатысып кеткен

globallookpress.com

Жапонияның күрес тарихындағы ең даңқты балуандардың бірі, еркін күрестен Олимпиада және әлем чемпионы Такуто Отогуро спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Мұндай күтпеген жаңалықты 26 жастағы балуан өзінің Instagram-парақшасында жазған.

«Бұл хабар көпшілікті таң қалдыруы мүмкін, мен күрестен кетемін деп шештім. Бұл әкемнен бастау алған, көпшіліктің сүйіспеншілігі мен қолдауына ие болған бақытты күрес жолы болды.

Отбасыма, достарыма, ұстаздарыма, жаттықтырушыларыма, бірге болған спортшыларға және маған көмектесіп қолдаған барлық жанашырларыма алғыс айтамын.

Ешқандай өкінішім жоқ. Барлығына көп рақмет», - деп жазба қалдырды.

Отогуро өз мансабында UWW-дің ресми жарыстарына тек 8 рет қана қатысқан. Оның төртеуінде жеңімпаз атанған. 65 келіде бақ сынап, мойынына тек алтын медаль ғана ілген. Атап айтқанда, кадеттер арасындағы әлем чемпионаты, ересектер арасындағы әлем чемпионаты, Азия чемпионаты және Токио Олимпиадасында алтын медаль олжалаған. Будапештте өткен әлем чемпионатында жасындай жарқырап, алтын жүлдеге қол жеткізген. Ол кезде небәрі 19 жаста болатын.

Ол 2021 Токио Олимпиадасында жеңімпаз атанғаннан кейін 2 жылдай үзіліс алып, 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысып, екінші белдесуінде мажарстандық Исмаил Мусукаевтан жеңілген еді. Одан кейін Жапония ішкі біріншілігінде Киока Котародан жығылған (Котаро Париж Олимпиадасында жеңімпаз атанған – авт.).

Отогуро Қазақстанға екі рет келген. Алғаш 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатына қатысып, қола медаль үшін белдесуде Исмаил Мусукаевтан (Венгрия) жеңілген болатын. 

Одан кейін 2021 жылы Алматыдағы Олимпиадалық лицензиялық турнирге қатысып, жолдаманы жеңіп алды. Токиодағы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, өз елінде жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген.

Жарнама
Жарнама