Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев ұлды болды

Редактор
05.04.2025, 11:45

Бұл – оның үшінші баласы

olympics.com

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, даңқты балуан Ғұсман Қырғызбаев ұлды болды. Бұл туралы ол өзінің instagram-парақшасында жазып, қуанышымен бөлісті.

«Аллаға шүкір ұлды болдым. Бауы берік болсын», - деді Ғұсман Қырғызбаев. Айта кетейік, дзюдошының отбасындағы бұл үшінші баласы.

Ғұсман Қырғызбаев 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында қола медаль үшін тартыста сербиялық Страхинья Бунчичті ваззари ұпайымен жеңді. Осылайша, ол өз мансабындағы ең ірі жеңістерінің біріне қол жеткізіп, Олимпиаданың қола жүлдесін қанжығасына байлаған.

Айта кетейік, Ғұсман жуырда ғана Олимпиада ойындарынан кейін біраз уақыт спорттан қол үзіп, демалуына байланысты әлі бабына келмегенін, сол себебі Азия чемпионатына қатыспайтынын айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама