Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Басы дауға қалған «Ақтөбе» футзал клубының бапкері командадан қуылды

07.04.2025, 21:42

Оның әрекетін басшылық кісіби емес деп бағалаған

Ақтөбе ФК

«Ақтөбе» футзал клубының клубының бас бапкері Виктор Тарчило командадан кететін болды. Команда басшылары осындай шешімге келіп отыр.

«Ақтөбе» алматылық «Қайратпен» өткен 32-тур ойынында 0:5 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Осы матчтан кейін клубтың бас бапкері Виктор Тарчило команда ойыншыларымен бірге барға барып, көңіл көтерген. Мұны білген басшылық оны дереу отставкаға жіберу туралы шешім қабылдапты.

Осылайша Тарчило екінші мәрте «Ақтөбе» клубымен қош айтысқалы отыр. Ол алғаш рет аталған команданы 2020 жылы баптаған. Бір жылдан кейін клубтан кеткенімен, 2022 жылдың тамызында қайта оралған. Қазақстанға дейін ол Беларусьтің «Витэн», «Лидсельмаш» және чехиялық «Сварог» клубтарына жетекшілік еткен.

Ақтөбе клубы Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде 44 ұпаймен 5-орында тұр.

Жарнама
Жарнама