Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақ бапкері жаттықтыратын балуан Еуропа чемпионатының финалына шықты

09.04.2025, 14:58

Оның соңғы қарсыласы – Олимпиада ойындарының чемпионы

Жұматай Шубаев. Фото: BaigeNews.kz

Словакияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Белорусь құрамасын жаттықтыратын қазақ бапкері Жұматай Шубаевтың шәкірті финалға жолдама алды.

Еркін күрестен 86 келіде өнер көрсететін Магомедхабиб Кадимагомедов бүгін финалда Болгария балуаны, Париж Олимпиадасының чемпионы Магомед Рамазановпен өзара мықтыны анықтайды.

Магомедхабиб Кадимагомедовті Жұматай Шубаев жаттықтырғалы олар екі Олимпиадада күресті. Мәселен, Токио Олимпиадасында 74 келіде күміс жүлдегер атанса, Париж Олимпиадасында іріктеу кезеңдерінде жеңіліп қалды.

Жұматай Шубаев Қазақстанда туып, 35 жыл бұрын Белорусь еліне оқуға аттанған. Кейін сол елде қалып, жұмыс істеген қандасымыз қазіргі уақытта елдің еркін күрес құрамасында жетекші қызмет атқарады. Оның шәкірттері Рио Олимпиадасында да қола жүлде алған.

Айта кететін жайт, Словакияда 7-14 сәуір күндері аралығында өтетін Еуропа чемпионатына екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев виза мәселесі бойынша қатыстырылмады.

Жарнама
Жарнама