Оның енді екі-ақ қызметі қалды
1988 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының бюро мүшесі қатарынан ресми түрде шығарылды.
Дәулет Тұрлыханов талай жыл аталған ұйымның бюросына мүше болды, ұйымның атауы өзгергенде де (FILA немесе UWW), басшылық ауысқанда да оның орны сақталып келген.
Бұған дейін UWW-да бюро мүшесі әрі Азия күрес одағының президенті қызметін атқарып келген Тұрлыханов 2024 жылы бір лауазымынан айырылса, енді ол басшылық қызметте мүлде жоқ.
Наурыз айында Тұрлыханов Азиядағы лауазымынан кеткеннен кейін оның орнына Мохаммед Әл-Авамала сайланды. Ол 38 дауыстың 34-ін жинап, жаңа президент атанды. Енді UWW бюросындағы қазақстандықтың орнын да дәл осы Әл-Авамала басады.
Айта кетейік, UWW басшылығында посткеңестік елдерден шыққан бірнеше тұлға бар. Олардың қатарына ресейлік Михаил Мамиашвили (вице-президент), Өзбекстаннан Ахролджон Рузиев (вице-президент) және қырғызстандық Чолпон Султанбекова (бюро мүшесі) енген.