Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Шетелге жаттығуға бару үшін несие алдым - Елдос Жұмақанов

Редактор
15.04.2025, 15:32

Елдос Жұмақанов спорттағы мансабын 2021 жылы аяқтаған

ҰОК

Елімізге танымал дзюдошы Азия біріншілігінің 4 дүркін жүлдегері Елдос Жұмақанов журналист Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында спортта кездескен қиындықтары туралы айтып берді.

Спортшының айтуынша, шетелге оқу-жаттығу жиынына баруға бір күн қалғанда орнына басқа дзюдошы баратынын білген. Сондай-ақ спортшыға ақша бөлінбегені айтылған.

«Испанияға оқу-жаттығу жиынына қатысып, содан кейін бірден Польшада Еуропа кубогына баратын болғанбыз. Бір күн қалғанда маған Алматы қаласының бапкері: «Сен бара алмайтын болдың, саған ақша берілмеді» деді. Бірақ тура Алматы қаласынан менің салмағымда (66) Қазақстан чемпионатынан орын алмаған ұлттық құраманың басқа бір мүшесі баратын болды. Сол кезде менде ешқандай реніш болмауы керек деп ойладым. Адам спортты өзі үшін бастайды деген қағиданы ұстанамын. Спортқа ең алғаш келген кезде де менде сондай ұстаным болған. Осы сәтте де сол қағидамды еске алдым. Маған бұның бәрін бір күн қалғанда айтқандықтан басқаша шешім қабылдадым. Ол кезде 500 мың теңге деген жақсы ақша. Бірден барып банктен несие алдым. Бір жағы ерегескендей болдым. Мен жігітпін ғой, ал бұл - бәсеке. Мені қысып жатыр екен деп мен сынып қалмауым керек. Ақшамды алып, оқу-жаттығу жиынына қатысып, Польшада жақсы нәтижеге қол жеткіздім» , - деді Елдос Жұмақанов.

Айта кетейік, Елдос Жұмақанов 2021 спорттағы мансабын аяқтаған. Елдос Жұмақанов әскерилер арасындағы әлем чемпионы, Гран-При турнирінің алтын, күміс, қола медаль иегері. 2015 жылғы Еуропа Кубогының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының төрт дүркін жүлдегері.

Жарнама
Жарнама

Материалда: