Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Александр Усик абсолютті әлем чемпионы атағын қайтарып алмақ

Редактор
16.04.2025, 03:21

Усик британиялық Даниэль Дюбуамен кездеседі

Richard Pelham/Getty Images

Ауыр салмақта үш чемпиондық белбеу иесі, украиналық Александр Усик британиялық Даниэль Дюбуамен кездеседі.

The Ring басылымының мәліметінше, абсолютті чемпион атағы үшін сарапқа салынатын бұл кездесу 12 шілде күні Лондондағы әйгілі «Уэмбли» стадионында өтеді. WBO, WBA және WBC тұжырымдары бойынша үш белбеудің иесі Александр Усик бұл жолы Даниэль Дюбуаға тиесілі IBF нұсқасы бойынша төртінші белбеу үшін бақ сынамақ.

Айта кетейік, бұған дейін Усик британиялық Тайсон Фьюримен алғашқы кездесуінен кейін-ақ «абсолютті чемпион» атанған. Алайда кейін IBF белбеуінен бас тартып, бұл титул Дюбуа мен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жекте сарапқа салынды. Сол кездесуде Дюбуа жеңіске жетіп, IBF тұжырымы бойынша толыққанды чемпион атанды.

Усик пен Дюбуа бұған дейін 2023 жылы да шаршы алаңда кездескен. Ол кезде Усик тоғызыншы раундта Дюбуаны нокаутқа түсірген еді.

Украиналық боксшы соңғы жекпе-жегін былтырғы желтоқсан айында өткізді. Бұл Тайсон Фьюриге қарсы өткен қарымта кездесу еді. Усик бұл жекпе-жекте сенімді түрде жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама

Материалда: