Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Болгария Олимпиада чемпионы атанған ресейлік легионер балуандардан бас тартпақ

16.04.2025, 18:02

Олардың арасында украиналық балуан да бар

Спорт-Экспресс

Болгарияның күрес түрлерінен ұлттық құрамасы Олимпиада чемпионы атанған легионерлерден бас тартатын болды. Олардың арасында еркін күрестен Магомед Рамазанов (86 кг) пен грек-рим күресінен Семен Новиков (87 кг) сынды әлемге танымал балуандар бар. Олар енді елдің құрамасынан шығарылады.

Бұл туралы Болгарияның күрес федерациясының ресми сайтында хабарланып отыр.

Жуырда ғана Еуропа чемпионатындағы айтулы жеңістерге қарамастан, елде күрестің үш түрі бойынша ұлттық құрама бапкерлері қызметінен босатылған. Грек-рим күресі бойынша Сослан Фарниевтің орнына Стоян Добрев келсе, еркін күресте Валентин Ангеловтың орнына Радослав Великов тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған бапкерлерге қойылған басты міндет — құрамаларды натурализацияланған балуандарсыз жасарту болып отыр.

Айта кететін жайт, 7-13 сәуір күндері Словакия астанасы Братиславада өткен Еуропа чемпионатында Болгария балуандары үш медаль алған болатын. Аталған жүлделерді дағыстандық легионер Магомед Рамазанов, украиналық Семен Новиков және Шешенстан өкілі Абу-Муслим Амаев жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама