Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан азаматтығынан бас тартуды және қызмет ұсынды – Софья Берульцева

16.04.2025, 23:18

Ол қазақ тілінде анық сөйлейді

olympic.kz

Каратэден Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцеваға азаматтығын ауыстырып, басқа елдің атынан жарыстарға қатысуға, сондай-ақ бапкерлік қызмет ұсынылған. Бұл туралы танымал спортшы «Спорт министрі» Youtube-каналына берген сұхбатында айтты. 

«Басқа елдің атынан жарысқа шығуға ұсыныс түсті. Сонымен қатар, бапкерлік қызмет те ұсынғандар болды. Бірақ оларға спорттық мансабымды әлі де жалғастырып, өз елімнің намысын қорғайтынымды айттым. Мәселен, бірінші орын алсаң өзге елдің ән ұранын мен қалай айтамын? Біртүрлі, оғаш көрінеді. Өз елімнің ән ұранын шырқатып, намысын қорғаймын, болды», - деді Берульцева.

Айта кетейік, Софья Берульцева Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеп, Қазақстан каратэ тарихында әйелдер арасынан Олимпиада жүлдесін алған алғашқы спортшы атанды. Каратэ спорт басқа Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбеген.

Софья Берульцева 2022 жылы Ташкентте және 2023 жылы Малайзияда өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа таққан. 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2022 Азия ойындарының чемпионы.

Жарнама
Жарнама