Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Мөлдір Жаңбырбай Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

20.04.2025, 17:48

Тағы төрт каратеші жүлде үшін таласады

instagram.com/moldir_zhangbyrbay/

Мысыр астанасы Каир қаласында Karate 1-Premier League турнирлік сериясының үшінші кезеңі өтіп жатыр.

Кумитэ бөлімінде 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық танымал каратеші Мөлдір Жаңбырбай мен хорватиялық Эмма Сгарделли кездесті. Жекпе-жек Мөлдір Жаңбырбайдың жеңісімен аяқталды — ол шешуші ұпайды айқастың соңғы секундтарында еншілеп, алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бүгін тағы төрт қазақстандық каратеші Премьер-лига кезеңінде кумитэ бойынша жүлделі орындар үшін бақ сынайды:

  • Айжан Бакирова (61 кг),
  • Диас Анарбеков (84 кг)
  • Софья Берульцева (68 кг) — қола медаль үшін күреседі,
  • Әсел Қанай (61 кг дейін) украиналық Александра Шолоховамен алтын медальді сарапқа салады.

Мөлдір Жаңбырбай 1997 жылдың 18 мамырында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі.

Ол – Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының, республикалық және халықаралық додалардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Сонымен қатар Азияның үш дүркін чемпионы (2013, 2017, 2018). Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Каратеден әлем чемпионы, сондай-ақ 2022 жылы Ханчжоуда өткен XIX жазғы Азия ойындарының финалисі.

Жарнама
Жарнама