Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дзюдошы Кәмила Берліқаш ана атанды

Редактор
23.04.2025, 13:33

Дзюдошы былтыр Париж Олимпиадасынан кейін Ташкентте қола жүлдегер атанған

instagram.com/berlikashk

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі, Париж Олимпиадасына қатысушы Кәмила Берліқаш ана атанды. Аса ауыр салмақта белдесетін отандық балуан бүгін қызды болғанын мәлімдеді.

«Құттықтауларды қабылдаймын. Бүгін қызды болдық», - деп жазды дзюдошы желіде.

Бірнеше жылдан бері құрама сапында халықаралық жарыстарға қатысып, Гранд Слэм бәсекесінде күміс және қола жүлде иеленген отандасымыз бірнеше жыл бұрын дзюдошы Ислам Тоқтасынға тұрмысқа шыққан еді. -73 келіде күресіп жүрген Ислам Тоқтасын өткен жылы ел чемпионатында қола жүлде иеленген.

+78 келіде күресетін Кәмила Берліқаш былтыр Париж Олимпиадасынан кейін Ташкентте өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

Жарнама
Жарнама