Осы салмақта белдескен Нұраділ Әлжан медаль үшін белдесуде жеңілді
Тайланд астанасы Бангкок қаласында дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына екінші жүлде түсті. Ерлер арасында 60 келі салмақта Шерзод Давлатов Азия чемпионатының қола жүлдесін алды.
Қола медаль үшін белдесуде ол өзбек балуанын сан соқтырды. Шерзод Азия чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Бұған дейін Гран При турнирлерінде медаль алған болатын.
Сондай-ақ6 бұл салмақта күрескен тағы бір қазақстандық дзюдошы Нұраділ Әлжан қола медаль үшін күресті. Кіші финалда ол тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді.