Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының екінші жарыс күнін сәтті бастады

Редактор
26.04.2025, 11:51

Есет Қуанов Өзбекстан мен Қырғызстан дзюдошыларын айқын жеңді

ҰОК

Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнін отандық татами шеберлері сәтті бастады. Ұлттық құрама мүшелері арасынан алғаш болып 73 келіде Есет Қуанов шыққан болатын.

Ақтөбелік дзюдошы өзбекстандық Мардон Равшоновты вазари ұпайымен Golden Score-де жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Есет екінші айналымында қырғыз дзюдошысы Мұса Шабданбековтен айқын бастым түсті.

81 келіде Мәди белдесудің алғашқы минутында қарсыласын таза жеңді. Мәди Амангелді екінші айналымда БАӘ балуаны Гаджимурат Омаровты соңғы сәтте жеңіске жетті. Белдесу аяқталуға санаулы секундтар қалғанда ол вазари ұпайын сәтті иеленді.

81 келіде Азат Күмісбай Азия чемпионатының екінші айналымына сүрінбей шықты. Маңғыстаулық татами шебері алғашқы айналымында Ирак өкілі Аббас әл-Фураижиді қапы қалдырды. Ал екінші белдесуінде Моңғолия балуаны Шинебаяр Оюунчимегты айқын басымдықпен ұтты.

Әйелдер арасында 57 келіде Бақыт Құсақбаева Непал спортшысы Манита Прадханнан айласын асырып, Азия чемпионатының үшінші айналымына сенімді түрде қадам басты.

Ал әйелдер арасында Азия чемпионатының өткен жылғы қола жүлдегері Есмигүл Құйылова (63 кг) үнді спортшысы Уннати Шарманы жеңген. 63 келідегі тағы бір балуанымыз Кристина Сотникова жапониялық Мао Хондадан ұтылып, жарысты аяқтады.

Кеше Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан дзюдошылары екі қола медаль иеленген еді. Оның бірін 60 келіде Шерзод Давлатов иеленсе, екіншісін 48 келіде Ғалия Тынбаева қоржынға салды.

Жарнама
Жарнама