Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дзюдодан командалық Азия чемпионатының жеребесі тартылды

Редактор
27.04.2025, 21:11

Биыл ел құрамасы шетелдік бапкер-консультанттардың баптауымен алғаш рет қатысып отыр

t.me/kazjudoteam

Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы командалық сында белдеседі. Аталған додада өзара күресетін құрамалар жеребесі тартылды.

Бұл ретте ұлттық құрама балуандары алғашқы айналымда бос болғанымен, екінші айналымда, яғни ширек финалда Моңғолияның татами шеберлерімен сынға түседі.

Жартылай финалда ел балуандары Жапония құрамасымен кездесуі мүмкін. Күншығыс елінің балуандары алғашқы айналымда бос болып, ширек финалда Қырғызстан мен Вьетнам құрамалары арасындағы жеңімпазбен шеберлік байқасады.

Екінші топта Оңтүстік Корея мен Өзбекстан құрамалары алғашқы айналымды бос өткізеді. Ал Тәжікстан мен Түрікменстан құрамалары кездессе, Қытай командасы үнді балуандарымен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Қазақстан дзюдошылары Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында жекелей сын бойынша 4 қола медаль иеленді. Оның екеуін әйелдер құрамасынан Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Бақыт Құсақбаева (57 кг) иеленсе, ерлерден Шерзод Давлатов (60 кг) пен Мейірлан Максим (81 кг) қол жеткізді.

Айта кететін жайт, биыл Қазақстан құрамасы шетелдік бапкер-консультанттардың баптауымен алғаш рет құрлық біріншілігіне қатысып отыр. Былтыр өткен Азия чемпионатында да Қазақстан дзюдошылары 4 қола медаль иеленген болатын.

Жарнама
Жарнама