Отандастарымыз Оңтүстік Кореядан 4:0 есебімен жеңілді
Дзюдодан Бангкокте аяқталған Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде аралас командалық сайыста Қазақстан дзюдошылары жүлдесіз қалды. Қола жүлде үшін өткен кездесуде отандық татами шеберлері Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, нәтижесінде 4:0 есебімен жеңілді.
Қазақстан дзюдошылары бірінші кездесуінде Моңғолия балуандарымен күресіп, 4:0 есебімен жеңілген болатын. Ал жұбаныш белдесуінде Қырғызстан командасынан 2:4 есебімен басым түсті.
Азия біріншілігінде ұлттық құрама балуандары арасында Ғалия Тынбаева (48 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Мейірлан Максим (90 келі) қола жүлдеге ие болған еді.
Айта кететін жайт, дзюдошыларымыз өткен жылғы құрлық біріншілігінде де 4 қола медаль иеленген еді. Биылғы сында отандық балуандарды шетелдік бапкер-кеңесші Роберт Мшвидобадзе баптап апарды.