Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Маңғыстауда самбо бапкеріне демеушілер көлік мінгізді

Редактор
30.04.2025, 10:55

Оның шәкірттері Қазақстан чемпионатында 20 жүлде иеленген

instagram.com/sport_zhuldyzdary

Маңғыстау облысында самбо жаттықтырушысы Берік Жұмағалиевке демеушілер автокөлік сыйлады.

Бағалы сыйлық самбо маманына ауқымды жарыстарда шәкірттерінің жоғары нәтижеге қол жеткізуінің нәтижесінде беріліп отыр. Маңғыстау облыстық самбо федерациясының бастамасымен кәсіпкер Шадрах Ермекбайұлы демеушілік көрсеткен көрінеді.

Белгілі бапкер Берік Жұмағалиев облыстың дзюдосының дамуына мол үлес қосқан маман ретінде еңбегі бағаланып отыр. Оның шәкірттері самбодан өткен Қазақстан чемпионатында рекорд жаңартып, 20 жүлде иеленген. Сондай-ақ, сәуір айында Ташкентте жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында өткен Азия және Тынық мұхиты елдерінің біріншілігінде маңғыстаулық 8 балуан күресіп, барлығы да жүлдегер атанған.

«Өңірлік самбоның осыған дейінгі жетістіктердің барлығы Берік Түсіпқалиұлының табанды еңбегінің нәтижесі. Ол спортшыларды дайындап, өңір намысын жоғары деңгейде қорғауға үлкен үлес қосты. Жаттықтырушының еңбегі ақталып, Маңғыстау спорты жаңа белеске көтерілді», - деп жазылған облыстық самбо федерациясының хабарламасында.

Жарнама
Жарнама