Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әйгілі жапон дзюдошысы Хифуми Абэ 120 келі салмақтағы балуанмен 4 минут күресті

01.05.2025, 00:27

Ол аталған сында жүлдегерлер қатарына іліне алмады

Фото ашық дереккөзден

Токиода ерлер арасында абсолютты салмақта Жапония чемпионаты өтті. Чемпионатқа екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэ қатысты. Сонымен қатар, Олимпиаданың жүлдегері Соичи Хашимото мен Олимпиада чемпионы Аарон Вольф та бағын сынады. Хашимото мен Вольф үшінші айналымда ұтылса, 66 келі салмақта күресетін Хифуми Абэ алғашқы айналымда 81 келі салмақта бақ сынайтын Сато Южиродан басым түсті.

Екінші айналымда ол салмағы 120 келі, яғни өзінен екі есе ауыр салмақтағы Тайо Сузукимен татамиге шықты. Олимпиада чемпионы Абэ қарсыласымен төрт минуттай арпалысты. Белдесудің соңғы секундтында Сузики Олимпиада чемпионын иппон әдісімен жеңді. 

«Екі минуттай күрескеннен кейін тоқтап қалдым. Оған дейін жеңіске жетуім керек еді. Бұл жарысқа қатысуымның себебі – дзюдоны тым жақсы көретіндігім. Маған тек дзюдо керек», - дейді Хифуми Абэ жарыстан кейін.

Абэ Токио мен Париж Олимпиадаларында 66 келіде чемпион атанған. Бірақ өткен жазғы Олимпиадада аралас командалық сайыстың финалында француз балуаны Жоан Бенжамин Габадан жеңіліп қалғанына әлі өкінетінін жеткізді. 

«Менің ойымша, келесі Олимпиадада жеңілгеніміз үшін есе  қайтаруымыз керек. Париждегі жеңіліс мені өкіндіреді. Өйткені мен командама жеңіс әпере алмадым», - деп өкініш білдірді Хифуми Абэ.

Абсолютты салмақта биылғы чемпион – Дайго Кагава. Ал күміс жүлдегер – Хисаёши Харасава. Қола жүлдені Канта Накано мен Косуке Машияма еншіледі.

Жарнама
Жарнама