Дзюдошы Загребте өткен Гранд При жарысында чемпион атанған
Абиба Әбужақынова Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Гранд Слэм турнирінде қола медальға ие болды.
Қола медаль үшін белдесуде ол өзбекстандық Хакимова Улбусиннен айласын асырды. Абиба Душанбе татамиінде үш белдесу өткізді. Оның алғашқы қарсыласы татамиге шықпай ширек финалға белдесусіз өтті. Ширек финалда жапондық Иганаки Ваканадан басым түссе, жартылай финалда қытай қызы Жуанг Веннадан жеңіліп қалды.
Абибаның бұл Гранд Слэм турнирлерінде осымен 9 медаль алды. Бұған дейін 1 күміс 7 қола жүлде еншілеген болатын.
Айта кетейік, бұл - Абибаның биылғы екінші жарысы. Загребте өткен Гранд При жарысында чемпион атанған.
Бүгін жарыс жолына Абибадан бөлек 2 дзюдошы шыққан. Алдияр Қарғұлов (60 келі) алғашқы айналымда өзбек Иброгимов Анваржоннан өте алмаса, 66 келіде күрескен Ботабай Нұрмұхамет алғашқы айналымда вьетнамдық Су Денді юко ұпайымен жеңсе, екінші айналымда өзбек балуаны Сардор Нуриллаевтан басым түсті.
Ширек финалда әзербайжандық Яшар Нажафовтан жеңілді. Одан кейін жұбаныш белдесуде түркіменстандық Тойлы Мирадовтан жеңіліп, жарыста 7-орынды қанағат етті.
Турнир 4-мамырға дейін жалғасады.