Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Светлана Подобедованың күйеуі республикалық турнирде жүлдеге ие болды

Редактор
04.05.2025, 01:43

Ол бүгінде MMA спортынан Астанада жаттықтырушы болып еңбек етеді

Фото әлеуметтік желіден

Қазақстандық ауыратлет, әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы Светлана Подобедованың күйеуі Нұрлан Қарабалин республикалық турнирде жүлдегер атанды.

Ол грепплингтен республикалық турнирде 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, екінші орынға ие болған. Белгілі спортшы бүгінде ММА спортынан Астана қаласының аға жаттықтырушысы болып еңбек етеді.

Нұрлан мен Светлана Лондон Олимпиадасынан кейін отау құрған. Англия астанасында өткен ойындарда Подобедова чемпион атанып, арада бірнеше жыл өткенде оның допинг пайдаланғаны анықталды, тиісінше Олимпиада чемпионы деген атағы да кері қайтарылды. Ерлі-зайыптылар Руслан есімді ұлды тәрбиелеп жатыр.

Нұрлан Қарабалин Астанадағы Қажымұқан атындағы спорт-мектеп интернат колледжінің түлегі. Еркін күреспен айналысқан балуан Ақмола облысының Қорғалжын ауданының тумасы.

Жарнама
Жарнама