Астанада 9 - 11 мамыр күндері өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды.
Назарларыңызға елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімін ұсынамыз:
Ерлер
- -60 кг: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар
- -66 кг: Ғұсман Кырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов
- -73 кг: Саят Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Абдурахманов, Есет Қуанов
- -81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай
- -90 кг: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов
- -100 кг: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас
- +100 кг: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев
Әйелдер:
- -48 кг: Диана Буркеева
- -52 кг: Құндыз Жылқыбай, Айшабибі Мұрадимова
- -57 кг: Дина Муханбет, Дана Әбдірова
- -63 кг: Асылжан Орынбасарова
- -70 кг: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова
- -78 кг: Назерке Тілеуханова, Замзагүл Файзолланова
- +78 кг: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл жарысқа 48 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарысқа кіру тегін.