Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Абиба Әбужақынова Астана Гранд Слэмінде күреспейді

Редактор
05.05.2025, 16:21

Аталған турнир биыл елімізде үшінші рет өткелі отыр

IJF

Астанада 9-11 мамыр күндері өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турниріде Қазақстан құрамасы сапында 40 дзюдошы татамиге шығады. Олардың ішінде 26 балуан ерлер сапында күрессе, 14-і әйелдер құрамасының мүшелері.

Дәстүрлі бәсекеде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев 66 келіде сынға түседі. Бұл оның Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы болғалы отыр. Сондай-ақ, жақында ғана Душанбе Гранд Слэмінде қола жүлде иеленген Абиба Әбужақынова мен Азия чемпионатында үшінші орын иеленген Ғалия Тынбаева жарыстан тыс қалғалы отыр.

Естеріңізде болса, 2024 жылы Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанған болатын.

Аталған турнир биыл елімізде үшінші рет өткелі отыр. Биылғы сынға Олимпиада және әлем чемпионаттарының чемпиондары күреседі деп күтілуде. Бұл жолы 49 мемлекеттен 426 дзюдошы Астанада сынға түспек. Мұндай жеңімпаз атанған дзюдошы 1000 ұпай, күміс жүлдегер 700, ал қола медаль иелесі 500 ұпай иеленеді.

Жарнама
Жарнама