Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Роман Власовты әлем чемпионатында жүлдесіз қалдырған қазақ балуаны жоғары әскери шен алды

Редактор
06.05.2025, 20:52

Асхат Ділмұхамедов Азия чемпионаттарында бірнеше рет жүлдегер атанған

Әлеуметтік желі

Грек-рим күресінен Азия чемпионы Асхат Ділмұхамедовке Отан қорғаушылар күні қарсаңында капитан шеніне ие болды. Бұл туралы балуанның өзі мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 2 мамырдағы №56 бұйрығына сәйкес, аға лейтенант Ділмұхамедов Асхат Рахатұлына кезекті әскери  капитан» шені мерзімінен бұрын берілді», - деп жазылған балуанның ресми парақшасында.


Асхат Ділмұхамедов Азия чемпионаттарында бірнеше рет жүлдегер атанған. Ол 2011 жылы Ташкентте өткен құрлық чемпионатында қола жүлдегер атанса, бұл жетістігін 2016 жылы Бангкоктағы сында қайталады. Ал 2018 жылы Бішкекте 82 келіде үздік атанды. Сондай-ақ, 2017 жылы Ашхабатта жабық кешендерде өткен Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді.

Балуан 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Роман Власовты жеңген болатын. Ділмұхамедов Токио Олимпиадасына жолдама алғанымен, күншығыс елінде өткен төртжылдықтың басты ойындарында Демеу Жадыраев күресті.

Жарнама
Жарнама

Материалда: