Қоржында әзірге екі күміс пен екі қола жүлде бар
Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші жарыс күнінде ұлттық ұлттық құрамадан 14 дзюдошы татамиге шығып, олардың тоғызы алғашқы айналымда жеңіліп.
Ерлер арасында 73 келіде Бақытжан Әбдірахманов пен Есет Қуанов жарысты жеңіспен бастады. Ал 81 келіде Азат Күмісбай мен Абылайхан Жұбаназар да келесі кезеңге жолдама алды. 81 келіде белдескен Айғали Қалдыбек пен Жалғас Қайролла алғашқы белделерінде есе жіберіп, жарысты аяқтауға мәжбүр болды. 73 келіде Қуан Барыс бірінші белдесуінде Италия спортшысынан жеңілсе, Саят Сейітқалиев ұлыбританиялық балуаннан осал болып шықты.
Әйелдер арасында 63 келіде Есмигүл Құйылова француз дзюдошысы Рания Дридтен басым түсіп, екінші айналымға шықты. Келесі кезеңде ол моңғол спортшысымен күреседі. Осы салмақта татамиге шыққан Асылжан Орынбасарова украиналық Анастасия Антипинаға жол берді.
70 келіде Анастасия Морозова алғашқы белдесуінде италиялық Мартина Эспоситодан жеңіліп қалса, осы салмақтағы Кристина Сотникова оңтүстіккореялық спортшыдан өте алмады. Аруна Жангелдина мен Диана Телбаева да жарысты бірінші айналымнан аяқтап, жүлдесіз қалды.
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінде қазақстандық 4 дзюдошы жүлдегер атанды. Олардың арасында Талғат Орынбасар (60 кг) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) күміс жүлде иеленсе, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин (60 кг) қола медальға қол жеткізді.