Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық екі дзюдошы Астанада Гранд Слэмінде қола жүлде иеленді

Редактор
11.05.2025, 20:30

Соңғы жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасынан 14 балуан татамиге шыққан

t.me/kazjudoteam

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі спортшымыз жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Оның ішінде 19 жастағы жарыс дебютанты Бақжан Байтас тәжікстандық Мухсин Малаевты, өзбекстандық Мухаммадсодик Содиков, италиялық Энрико Бергамелли сынды азулы қарсыластарын жеңіп шығып, жүлделі орыннан көрінді.

Ал Марат Байкамуров шешуші белдесуде ливандық Карамноб Сагаиповты иппонмен сенімді түрде жеңіп, мансабындағы бірінші Grand Slam жүлдесін еншіледі.

Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасынан 14 балуан татамиге шыққан болатын.

Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар арасынан Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) пен Талғат Орынбасар (-60 келі) күміс, ал Мағжан Шамшадин (-60 келі), Аман Бақытжан (-60 келі), Есет Қуанов (-73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) қола жүлде иеленді.

Жарнама
Жарнама