Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Парадзюдодан әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған тарихи оқиға тіркелді

15.05.2025, 22:38

Айтулы жарыс Астанада өткен болатын

Қазақстан пара дзюдо федерациясы

Астанада өткен парадзюдодан әлем чемпионатында бұрын соңды болмаған тарихи оқиға тіркелді. 

Байрақты бәсекенің соңғы күні командалық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасы Түркия, Өзбекстан, Үндістан командаларын айқын басымдықпен жеңген болатын. Алайда, Бразилия қыздарынан жеңілді.

Жарыс айналмалы жүйеде өткендіктен ұпай саны бойынша Қазақстан чемпион деп танылған. Алайда, Түркия құрамасы наразылық білдіріп, бұл нәтижемен келіспейтінін жеткізді. Өйткені, екі команда да ұпай саны бірдей. Бірақ, өзара айқасты қазақстандық дзюдошылар жеңген.

Қос тараптың уәжін төрешілер таразылай келе екі бірдей команданы яғни Қазақстан мен Түркия әйелдер құрамасын әлем чемпиондары деп таныды.

Осылайша парадзюдо тарихында тұңғыш рет жеңіс тұғырында екі мемлекеттің ән ұраны қатар шырқалды.

Жарыс соңында Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек өзінің әсерімен бөлісті.

«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалық сайыста барымызды салып, алтын медальға ие болдық. Өте қуаныштымын. 2023 жылы Астанада болған Азия чемпионатында қыздар құрамасы жеңіске жеткен едік. Енді міне, әлем чемпионы болып жатырмыз. Демек, командалық сайыста жүлде қорымыз түгел болды», - деді Ақмарал.

Айта кетейік, парадзюдодан ұлттық құрама  2 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 4-орынға жайғасты.

Жарнама
Жарнама