Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Деңгейі төмен»: Белгілі спорт журналисі Ризабек Айтмұқанның қазіргі деңгейіне баға берді

Редактор
16.05.2025, 15:52

Ол күрес бапкерлерінің қазіргі деңгейі төмен екенін атап өтті

UWW

Белгілі спорт журналисі Қыдырбек Рысбек әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның қазіргі аяқ алысына баға беріп, оның кемшін түсіп жатқан тұсын сынға алды. Белгілі спорт қайраткерінің сөзінше, біздің елдің еркін күрес бапкерлерінің қазіргі деңгейі көңілден шыға қоймайды.

Ақырыс Сейітқазыға берген сұхбатында Қыдырбек Рысбек Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұқанның жетістігін жоғары бағалай келе, жаттығу бойынша әлі де көп жұмыс істеу керектігін алға тартты.

«Біздің елден еркін күрес бойынша екі әлем чемпионы шықты. Бірақ неге Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев, Заурбек Сидаков сияқты бірнеше жыл қатарынан әлем чемпионаттарын қатарынан жапыра ұтып, ешкімді шеніне келтірмей жеңіс тұғырында неге алшаң басып жүрмейді? Біздің жігіттер бір рет ұтады келесі жарысында сүрініп қалады. Мысалы, Нұрқожа Қайпанов керемет талантты балуан. 2019 жылы әлем чемпионатында финалға дейін жетті. Бұл жігітте кінә жоқ. Бапкерлік мектеп ақсап тұр», - деді Қыдырбек Рысбек.

Оның сөзінше, 92 келі салмақта әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқан жаңа салмаққа ауысқалы бері тегеурінді балуандардың кілтін таба алмай келеді.

«Ризабек Айтмұқан 2023 жылы 19 жасында ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Қуанып, керемет шаттандық. Келесі 2024 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатына барды. Финалға дейін қарсыластарын ірі есеппен жеңді. Финалда Ахмед Тажудиновпен күресті. Сол күресі маған ұнады. Тажудиновтің өзінің екпінін іліп әкетіп, пайдаданып отырды. Жеңілсе де, күресі ұнады. Жақында Алматыда Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен күресті. Снайдерге ешқандай қайрат көрсете алмады. Ірі есеппен есе жеңілді. Ол әлемде ортаңқол балуандармен күресуге дайын. Алайда Снайдер секілді әбден қалыптасып, тісқаққан балуандардың кілтін таба алмайды. Неге? 18-19 жасында Садулаевтар қалай күресті? 21-22 жасында біздің Дәулеттер қалай күресті? Шәміл Серіков ешкімнің атағын сұраған жоқ. Неге Снайдердің кілтін Ризабек таппады? Кеше Азия чемпионатының финалында жапон Араш Йошидамен күресті. Оны неге жеңе алмады? Қарласы төртпақ, аса мығым. Соған қарсы күресі жүрмеді. Сен әлем чемпионысың ғой. Мен оны төмендетіп отырғаным жоқ, керісінше, жаным ашып отыр. Неге қазақтың баласы бір рет әлем чемпионы атанып, келесіде неге сол биіктен көріне алмады? Ризабектің Йошида мен Снайдерден жеңілгенінен кейін біздің бапкерлік мектепке іздену керектігін айтқым келеді. Қолымда билік болса Ризабек Олимпиада чемпионы Адам Сайтиевтің қол астына жаттығуға берер еді. Мейлі, 1 миллион АҚШ доллары болса төлер едім. Біздің бапкерлердің Ризабекті өз биігіне шығаруға қауқары, қайраты, білім-білігі жетпей ме деп ойлаймын. Олар Ризабекті осы деңгейге жеткізді. Сол үшін де рахмет», - деді Қыдырбек Рысбек.

Естеріңізде болса, өткен жылы қазан айының соңында еркін күрестен Нұрқожа Қайпанов Албанияда өткен әлем чемпионатында 70 келіде топ жарған еді. Сонымен бірге, Ризабек Айтмұқан екі жыл бұрын Сербияда ел тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы ретінде биікке шықты. Кейін жаңа салмаққа ауысқан Ризабек Айтмұқан Париж Олимпиадасына жолы түспей, Азия біріншіліктерінде 97 келіде екі мәрте күміс жүлдегер атанған болатын.

Жарнама
Жарнама

Материалда: