Жаттығуда есінен танып қалған 10 жастағы бала көз жұмды

Редактор
24.05.2025, 09:41

Дәрігерлер жас спортшының өмірін сақтап қала алмады

t.me/mash_gor

Дағыстан Республикасының Спорт министрлігі 10 жастағы Исламдин Салимгереевтің жаттығу кезінде жүрек қызметінің тоқтауынан көз жұмғанын хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, жаттығу кезінде баланың жағдайы күрт нашарлап, ол шұғыл түрде Махачкаладағы ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Министрліктің мәлімдеуінше, кейінірек баланың денсаулығында бұрыннан күрделі мәселелер болғаны анықталған. Дегенмен оның ата-анасы бұл туралы бейхабар болған.

Балаларыңыздың денсаулығын үнемі тексертіп тұрыңыздар. Ауруды дер кезінде анықтап, тиісті ем қабылдау арқылы баланың өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтуға болады, — деп ескертті ведомство өкілдері.

Материалда: