Ол ел біріншілігінің финалына шықты
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан кубогында алғашқы финалистер анықталды. Жарыстың алғашқы күнінде еркін күрестен 57, 65, 86, 97 және 125 келі салмақ дәрежелері бойынша іріктеу кезеңі мен жартылай финалдық белдесулер өткен болатын.
Аталған турнирде еркін күрестен 97 келіде екі Олимпиадаға қатысқан Әлішер Ерғали жаңа салмақта сынға түсті. Ол 125 келіге ауысып, өзінің басты қарсыласы Юсуп Батырмырзаевты жеңіп алды. Сондай-ақ, ресейлік легионер Начын Куулар 65 келіде финалға жолдама алып отыр.
Жартылай финал нәтижелері төмендегідей:
57 кг:
65 келі
86 келі
97 келі
125 келі
Айта кететін жайт, Қазақстан кубогында әлем чемпиондары Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұқан күреспейді. Аталған жарыс 29 мамырға дейін жалғасатын болады.