Спортшы қыз өзбек қыздарының тағдырын өзгертпекші
«Өзбек қыздарының тығдырын өзгертемін». Дзюдодан Олимпиада ойындарының чемпионы атанған соң Диёра Келдиёрова осылай деп мәлімдеген.
Көп ұзамай спортшы Өзбекстанның Гендерлік теңсіздік пен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің әлеуметтік комиссары қызметіне тағайындалды. Содан бері туған елінде кішкентай қыздардың Олимпиадаға деген ынтасы артқанын айтады.
Енді ол көпшіліктің қыз баласы келін болу үшін ғана жаралған деген таптаурынын бұзғысы келетінін жеткізді.
«Мені бұл қызметке агенттік директорының бірінші орынбасары Шахноза Мирзиёеваның өзі шақырды. Ол кісі «Өзбек қыздары да бәсекеге қабілетті болатынын айтқанымен, бұрын бізге ешкім сенбейтін, ал сен соның дәлелесің, сенің сөзің де өтімді болады» деп жігерлендірді. Шынымды айтсам, бұл сөздер маған шабыт, мотивация берді. Өзбекстанда, жалпы Орталық Азияда қыздарды кішкентайынан келі болуға ғана дайындап өсіреді. Сен біреуге қызмет етіп, бала туып, тамақ пісіріп, қазан-ошақтың басында ғана жүруің, үйде отыруың керек» деп тәрбиелейді. Сол стереотипті мен бұза алдым, енді өзгелердің де қолынан келетін көрсету біздің басты мақсат», - дейді ол.
Сонымен қатар Өзбекстанда қыздар арасында дзюдоға деген қызығушылық күрт артқанын жеткізді.
«Олимпиададан кейін түрлі пікір айтылды. Соның ішінде кішкентай қыздардан көптеген хабарлама келді. «Бұрын ата-анам спортпен шұғылдануыма қарсы еді, сіздің жеңісіңізден соң рұқсат берді» деп жазғандарда көрім кәдімгідей қуанып қалдым. Елімізде статистика бойынша дзюдо үйірмелері көптеп ашылып, жас қыздар саны күрт артты», - дейді Олимпиада чемпионы.