Қазақстан гандболшылары отыз жылға жуық уақыттан кейін Азия чемпионатына қатысқалы отыр

Редактор
12.01.2024, 11:59

Соңғы рет гандболдан Қазақстан ерлер командасы 1994 жылғы Азия біріншілігіне қатысқан

olympic.kz

Биыл гандболдан ерлер арасындағы Азия чемпионаты Бахрейннің Манама қаласыда өтеді.

Құрлық біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасы да сынға түседі.

Бұл додада Азияның 16 командасы қатысады. Ал отандық қолдоп шеберлері бірінші ойынды алаң қожайыны Бахрейн құрамасына қарсы өткізбек.

Бұдан бөлек D тобында тағы БАӘ мен Гонконг командалары бар. Бұл чемпионат нәтижесінде келер жылы қыста Хорватия, Дания мен Норвегияда өтетін әлем чемпионатына жолдама үлестіріледі.

Ерекше назар аударатын жайт, Қазақстан ұлттық құрамасы бұл сынға 29 жылдан кейін алғаш рет қатысқалы отыр. Соңғы рет гандболдан Қазақстан ерлер командасы 1994 жылғы Азия біріншілігіне қатысқан болатын. Сол сында біздің құрама 8-орынға тұрақтады.