2023 жылы біздің құрама Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алған
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында 5-8 маусым аралығында спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.
Айтулы додаға ат снаряды жаттығуынан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов пен Азия чемпионатының жүлдегері, әлем кубогының 6 дүркін чемпионы Милад Карими қатысады.
Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық гимнастар:
Ерлер (ересектер):
Жасөспірімдер:
Айта кетейік, бұл додаға Жапония мен Қытайдың гимнастары қатысады деп жоспарлануда. Олар 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңдеріне қатыспаған. Сонымен қатар, айтулы бәсекеде Олимпиада ойындарының чемпиондары да бақ сынау мүмкін. Сол себепті бұл Азия чемпионаты Қазақстандық спортшылар үшін оңайға соқпасы анық. Айта кету керек, біздің ұлттық құрама 2023 жылы командалық сайыста Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алған еді.