Абиба Әбужақынова ширек финалға шықты

Редактор
13.06.2025, 17:28

Балуан 1/8 финалда бельгиялық Лоис Петирді иппонмен ұтты

Дзюдо федерациясы

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін балуан 1/8 финалда бельгиялық Лоис Петирді иппонмен ұтты. Ал алғашқы айналымда Абиба ресейлік Марина Воробьевамен белдесіп, қосымша уақытта тиімді әдіс жасау арқылы жеңіске жеткен.