Жарыс 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда өтеді
Қазақстан спортшыларын Канвон-2024 IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына аттанады. Осыған орай еліміздің спорт шенеуніктері жас спортшыларды Оңтүстік Кореяға салтанатты түрде шығарып салды. Байрақты бәсеке 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвон провинциясының Каннын қаласында өтеді.
Жасөспірімдер олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-тректен ел чемпионы, спорт шеберіне үміткер Ерасыл Шыңғысхан және конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, ел чемпионы Кристина Шумакова алып шығады. Бүгін Ерасыл Шыңғысхан ту ұстаушы ретінде көпшіліктің алдында салтанатты түрде ант берді.
Аталған бәсекеде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы спорттың 5 түрінен бақ сынап, 55 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қысқы ойындарда ел намысын 42 спортшы биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, фристайл могул және шайбалы хоккей спорт түрлерінен қорғайды.
Айта кететін жайт, Канвон-2024 ойындарына 14 пен 17 жас аралығындағы әлемнің 70 елінен 1800 спортшы қатысып, 7 спорт түрінің 15 бағдарламасы бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.