Абиба Әбужақынова тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына шықты

Редактор
13.06.2025, 19:53

Финалда ол Италия мықтысы Асунта Скуттомен белдеседі

olympic.kz

Венгрия астанасы Будапеште өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының алғашқы күні қазақстандық Абиба Әбужақынова (48 кг) жарыстың финалына шықты.

Жартылай финалдық белдесуде отандасымыз испан қызы Лаура Мартинес Абелендамен белдескен болатын. Қарсылас үш рет шидо алып, жеңіс Абибаға берілді.

Финалда Әбужақынова италиялық шебер Асунта Скуттомен өзара мықтыны анықтайды. Скутто жартылай финалда франциялық Ширин Бруклиді жеңді. Финалдық белдесулер бүгін Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Айта кету керек, Қазақстан тарихында дзюдодан қыздар арасында әлі бірде бір балуан әлем чемпионатының финалына шығып көрмеген. Абибаның өзі екі рет қола жүлдегер атанған.