Жұбаныш белдесуінде ол қазақ Ғұсман Қырғызбаевты жеңді
Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында (-66кг) салмақта сынға түскен атақты жапон балуаны Хифуми Абэ тәжік балуанынан жеңіліп қалды.
Ширек финалда Хифуми Абэ Обид Жебовпен белдескен. Тәжік балуаны оны иппон әдісімен жеңді. Бұл – Хифуми Абэнің соңғы алты жыл ішіндегі алғашқы жеңілісі (жекелей сында). Жапон спортшысы 2019 жылдан бері өз салмағында ешкімге есе жібермеген.
Ал жұбаныш белдесуінде отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевты жеңіп, Хифуми Абэ үшінші орын үшін белдесуге мүмкіндік алды.
Хифуми Абэ 2020 жылы Токио, 2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындарында 2 рет топ жарып, алтыннан алқа таққан.