Артаев желідегі сыннан кейін спортшыларға сыйақыны 1 млн теңгеден беретін болды

Редактор
18.06.2025, 16:33

Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет чемпион атанды

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Жуырда Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнау спортынан өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет чемпион атанды. 

Осыған орай бүгін Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен сыр өңірінің мақтаныштары — Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Ерасыл Әбдібек және Асылхан Амидолланы арнайы қабылдады.

Кездесу барысында басқарма басшысы чемпиондарға жеңіске жетудегі табандылығы мен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, олардың ерік-жігерін, кәсіби шеберлігін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, жиында Бахтияр Ғарифоллаұлы аймақ спортшыларының әлемдік ареналарда жоғары нәтижеге қол жеткізуі үшін жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Шара соңында басқарма басшысы спортшыларға қаржылай сертификаттар табыстап, алдағы халықаралық жарыстарда толағай табыстар мен сәттілік тіледі.

Материалда: