Олар әлем чемпионатын тамашалауға барған
UFC-дің үздік файтері Ислам Махачев пен Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2025 жылы Будапештте өткен дзюдодан әлем чемпионатында жүздесті. Кездесудің фотосуреттерін Ислам өзінің Instagram-парақшасына жариялады.
Ал спортшылардың жанында Jenys дзюдо клубының президенті, Қазақстанның ең бай адамдарының тізімінде 56-орында тұрған Алмаз Әлсенов те бар.
«2025 жылғы дзюдодан әлем чемпионаты — тәртіп өнерге айналған жер», — деп жазды Ислам Махачев өзінің парақшасында.
Айта кетейік, Елдос Сметов турнир басталғалы бері Венгрия астанасында жүр және Қазақстан құрамасына қолдау көрсетуде.
Ал Ислам Махачев осы демалыс күндері UFC Fight Night турнирінде Бакуде өтетін қазақстандық Азат Мақсұм мен өзінің командаласы Тагир Уланбековтың жекпе-жегінде секундант болуы мүмкін.