Еліміздің жас балуандары Азия чемпионатында үш алтын медаль иеленді

Редактор
19.06.2025, 10:08

Ұлттық құрама 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды

Спортты дамыту дирекциясы

Вьетнамның Вунгтау қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде грек-рим күресі бойынша белдескен қазақстандық балуандар табысты өнер көрсетті.

Жарыстың бірінші күнінде ұлттық құрамамыз 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Айта кетейік, грек-рим күресінен еліміздің атынан жалпы 10 спортшы қатысып жатыр.

Жүлдегер спортшылар:

  • Исхар Құрбаев – 60 кг, 1-орын

  • Бағдат Сабаз – 67 кг, 1-орын

  • Ақжан Ықыласов – 77 кг, 1-орын

  • Юсуф Мациев – 97 кг, 2-орын

  • Джохар Узаров – 130 кг, 2-орын

  • Диас Қалтай – 82 кг, 3-орын

Еске сала кетейік, 2024 жылы Иорданияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленген болатын. Ал биылғы көрсеткіш — жарыстың алғашқы күнінен-ақ ұлттық құраманың жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетті.