Ал Қазақстан құрамасы алғашқы айналымда Бразилиядан ойсырай жеңілді
Венгрия астанасы Будапеште аяқталған дзюдодан әлем чемпионатының соңғы күні тағы бір сенсация тіркелді. Аралас командалық белдесулердің жартылай финалында Грузия командасы әйгілі Жапонияны жеңіп, тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанды.
Грузиндер алғашқы айналымдарда Қытай және Италия құрамасын жарыс жолынан шығарды. Ал, жартылай финалда айқын фаворит Жапонияны ойсырата жеңді.
Ақтық сында Грузия дзюдошылары Оңтүстік Корея елінің балуандарынан айласын асырып, жеңіске жетті. Осылайша олар тарихта тұңғыш рет командалық сайыста чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Аралас командалық сайыстың қортындысы бойынша:
1-орын: Грузия
2–орын: Оңтүстік Корея
3-орын: Германия мен Жапония
Ал, Қазақстан болса алғашқы кезеңде 0:4 есебімен Бразилия құрамасына есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.