Қазақстан шахматшысы Италияда әлем чемпионы атанды

Редактор
16.10.2023, 12:22

Күміс жүлде де Қазақстан еншісінде

Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева Италияда 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасында əлем чемпионы атанды.

Пула қаласында аяқталған сында блиц жарысында отандасымыз барлық ойында басымдық танытты. Бұдан бөлек, Əмина Қайырбекова күміс жүлдеге ие болса, ерлер арасында Арыстан Исанжулов 3-орынға қол жеткізді.

Сондай-ақ, шахматтың рапид түрінде Ксения Балабаева финалға шығып, күміс жүлдеге ие болды. Ал Зейнеп Сұлтанбек қола медаль иегері атанып отыр.