Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатында журналистерге өзінің спорттық бабын көрсетті.
Nayza Kokshe таратқан мәліметке сәйкес, облыс әкімі Марат Ахметжанов пен бас прокурор Берік Асылов Зеренді ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Айта кету керек, бұл нысан жемқорлардан қайтарылған қаражат есебінен бой көтерген.
Спорт кешенін аралау барысында полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов (2023 жылдың қыркүйегіне дейін ішкі істер министрі болды) өзінің қазіргі спорттық бабын паш етті. Облыс басшысы костюм кигеніне қарамастан, еш қиналмастан белтемірге тартылды. Оның турникке тартылған сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, әкім турникке сегіз рет тартылған.